Ж.Тәшенов жолағы бойындағы магистральды коллектор құрылысы 2021 жылдың қаңтарына дейін жалғасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ж.Тәшенов жолағы бойындағы магистральды коллектор құрылысы 2021 жылдың қаңтарына дейін жалғасады
ашық дереккөз

Ж.Тәшенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады. Автокөліктер қозғалысы уақытша схема бойынша жабық аймақтың айналасында тиісті жол белгілерін орнату арқылы ұйымдастырылады. «Қалада кептеліс болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне өте мұқият болу және уақытша сызба бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау керек», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ-қа дейін шектелген.