Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114586017983347.webp)
ашық дереккөз
"1 желтоқсан күні сағат 22.14-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесі, 43/2 мекенжайындағы өрт туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген уақытта 22.19-да жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 ш.м. алаңда асхана ретінде қайта жабдықталған жеке тұрған құрылым (контейнер) ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады, сондай-ақ жанында тұрған ағаш құрылғылары жанып жатты", - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша газ баллонының жарылуы орын алған.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрттен 4 газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22.50-де сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнында барлығы 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.
Ұқсас жаңалықтар