Елордадағы жедел медициналық жәрдем станциясына 17 жаңа көлік табысталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы жедел медициналық жәрдем станциясына 17 жаңа көлік табысталды
ашық дереккөз

Бүгінде 100-ден аса медицина қызметкері еңбек ететін Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметінде 118 автокөлік бар. Биыл қалалық әкімдік пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «103»-тің автопаркі 31 реамобильді көлікпен толықтырылған болатын. Әр машина пациенттің денсаулық жағдайын бақылау мен тасымалдау үшін заманауи техникамен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы табысталуы керек 35 көліктің 17-сі бүгін берілсе, енді жақын арада 18 көлік әкелінбек. «Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен, яғни Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы орган «Сарыарқа АвтоПром» және «Astana Motors» компанияларымен бірлесіп, елордадағы жедел жәрдем автопаркін жаңарту мақсатында осындай заманауи көліктермен қамтамасыз етіп жатырмыз. Бұл көліктердің барлығы Қазақстанда жасалған», - деді Бақтияр Мәкен тілшілерге берген сұхбатында. Оның айтуынша, жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз жаңартылған соң ондағы қазіргі қолданыстағы көліктер қалалық емханаларға беріледі. «Жалпы, қазіргі уақытта да жедел жәрдем бригадалары шақыртуларға дер кезінде үлгеріп жатыр. Көліктер де жеткілікті. Алайда келер жылы қаладағы барлық емхананы осындай жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Себебі емханалардың өзінде арнайы жабдықталған көліктер болса, сол ықшам аудандардағы шақыртуларға жедел жетуіне әсері мол болады», - деді елорда әкімінің орынбасары. Жедел медициналық жәрдем станциясының өкілдері қала басшысының орынбасарына өздерінің атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.