Елордада Тұңғыш Президент күніне орай қандай шаралар өтеді
30 қараша – 1 желтоқсан аралығында қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірқатар онлайн шаралар өткізеді. Атап айтқанда, ОҚК қызмет көрсету бөлімі (@biblioteka_auezov) «Көшбасшы биографиясы» онлайн саясипортрет шарасын, №15 көпшілік кітапханасы (@сbs15filial) «Біздің тұңғыш – Президент» онлайн экспресс-көрмесін, №5 көпшілік кітапханасы (@5massovayabiblioteka) «Тәуелсіз елдің Елбасы» онлайн-панорамасын ұсынады. «Nomad City Hall» Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара ұсынады. Қойылым әлеуметтік желілерде қолжетімді: Instagram: @nomad_cityhall @nomad_teatry; Facebook: Nomad City Hall; YouTube: Nomad City Hall. Нұр-Сұлтан қалалық филармониясында Қазақ оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі!» онлайн-концерті өтеді. Әлеуметтік желілер: Instagram:astana_filarmoniya; Facebook: astana.filarmoniya. 1 желтоқсанда Жастар театры «Ұлтына қамқор – Елбасы» қойылымын ұсынады. Instagram, Facebook, YouTube. «НАЗ» би театры 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Кемел елдің – кемеңгері» атты іс-шарасын өткізеді. Instagram, Facebook, YouTube. ГАРДТ Кіші залында Абай мен А.Пушкиннің поэзиясы тақырыбында 30 көрерменге арналған моноқойылым өтеді. С.Сейфуллин музейі «Елбасы – ел мақтанышы» онлайн көрмесін өткізеді. Seifullin_museum Елордалық қуыршақ театры кішкентай көрермендерге «Арыстан патша» қойылымын ұсынады. Авторлары: И.Меччи, Дж.Робертс, Л. Вульвертон. Сілтемелер: Instagram, Facebook, YouTube 1-2 желтоқсан аралығында Білім басқармасының ұйымдастыруымен №1 балалар музыка мектебі «NEW VOICE» эстрадалық шеберлік байқауын, №3 балалар музыка мектебі «Гитара фрескалары» жас гитаристер байқау-фестивалін өткізеді. Сілтеме: ns_bilim_1dekabry.