Елордадағы Айнакөл көшесінде екі гараж отқа оранды (фото)

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы Айнакөл көшесінде екі гараж отқа оранды (фото)
ашық дереккөз

[caption id="attachment_49650" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оның мәліметінше, дереу шақыру орнына өрт сөндіру бөлімшелері жіберіліп, ол жердегі 200 шаршы метр алаңда 2 гараждың жанып жатқаны анықталған. [caption id="attachment_49651" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Гараждың ішінде 2 автокөлік болған. Оларды елордалық өрт сөндірушілер тіркеп сүйреу арқанының көмегімен шығарып алған. [caption id="attachment_49652" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption] Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылған. 14.47-де ауыздықталған өрт 15.12-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.