Елордалық 10 колледжге «Қасиетті Қазақстан» кітаптары табысталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық 10 колледжге «Қасиетті Қазақстан» кітаптары табысталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114600127765456.webp)
Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева, Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева және елордадағы 10 орта арнаулы оқу орнының басшылары қатысты.
[caption id="attachment_49402" align="alignnone" width="696"] Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы мәдени біліктілікті арттыру және оқырман белсенділігін арттыруға бағыттылған.
Жиында алғашқы болып сөз алған Үмітхан Мұңалбаева мұндай шараны жүйелі түрде өткізіп тұру керектігін атап өтті. Сонымен қатар мектептер мен колледждердің кітапханаларының жарқырап, жайнап тұруі керектігін тілге тиек еткен Үмітхан Мұңалбаева колледждердің кітапханаларына Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы бірқатар құнды кітаптарды табыстауға дайын екенін айтты.
[caption id="attachment_49407" align="alignnone" width="696"]
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп бұған дейін Елбасы кітапханасында 17 мектептің директорымен бас қосып, кітаптарды табыстағандарын жеткізді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп, балабақша меңгерушілерімен де осындай кездесу өткізу жоспарланып отыр.
«Әлемдегі кітапты ең көп оқитын елдер – Қытай, Филиппин, Египет және Еуропа елдері арасында Чехия. Біз де осы қатарға қосыламыз деп үміттенемін. Әрине, егер осы бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізбесек, бұл арнаға ілесе алмай қалуымыз да мүмкін. Бүгінгі шараның басты мақсаты да осы, яғни жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру еді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева.
[caption id="attachment_49409" align="alignnone" width="696"]
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
Оның мәліметінше, нарықта кітапқа ең көп қаржы бөлетін мемлекет – Түркия, Ресей және Испания.
Жиында сөз алған колледж басшылары болашақта кәсіптік білім беретін арнаулы орта оқу орындарындағы техникалық кітаптарды қазақ тіліне аудару жағы қолға алынса деген ұсыныстарын білдірді.
[caption id="attachment_49410" align="alignnone" width="696"]
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]
Шара барысында қатысушылар Ұлттық академиялық кітапханаға экскурсия жасады.