Тұңғыш Президент күніне орай жас ақындар арасында мүшәйра өтеді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Тұңғыш Президент күніне орай жас ақындар арасында мүшәйра өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114604744771183.webp)
ашық дереккөз
Мүшәйра екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қаланың оқу орындарынан келген жас ақындардың бейнежазбаға түсірген өлеңдері іріктеліп алынады. Екінші кезеңде ZOOM платформасы арқылы шығармалардың оқылуы тікелей эфирде бағаланады. Мерекелік шараға қаланың білім саласының өкілдері, әдебиеттанушылар мен мәдениет қайраткерлері шақырылған. Байқау қонақтарына «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» өлеңдер жинағы беріледі. Іс-шараны елордалық Білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы Жоғары көлік және коммуникация колледжі ұйымдастырады.
Ұқсас жаңалықтар