Елордалық өрт сөндірушілер вагондағы өртті сөндірді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық өрт сөндірушілер вагондағы өртті сөндірді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211462096573441.webp)
ашық дереккөз
ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. № 50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен.
[caption id="attachment_48818" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен[/caption]
"Өрт сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі.
Ұқсас жаңалықтар