Елордада 22 қарашада қоғамдық көліктер жүрмейді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 22 қарашада қоғамдық көліктер жүрмейді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114617347338602.webp)
ашық дереккөз
Еске сала кетейік, елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары аймақта". Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес, қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді. ⠀ Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. ⠀ "Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар