Елордада жеңілдігі бар азаматтар санаттарына жатпайтын жолаушылардан 815 көлік картасы тәркіленді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жеңілдігі бар азаматтар санаттарына жатпайтын жолаушылардан 815 көлік картасы тәркіленді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114619937023449.webp)
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда қоғамдық көлікте жол ақысы келесі санаттағы азаматтар үшін толықтай тегін: 1) Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар және оларға теңестірілген тұлғалар; 2) жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ жасына және асыраушысынан айрылу жағдайына, зейнет жасына жеткен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар; 3) көпбалалы аналар; 4) көпбалалы отбасылар; 5) мүмкіндігі шектеулі тұлғалар; 6) он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері). Автобустарда тегін жол ақысын ұсынудың негізі - атаулы көлік картасының болуы, сондай-ақ оны қоғамдық көлікте валидациялау. Көлік карталарын валидациялау жол ақысын төлемеу жағдайларын уақтылы анықтау және қоғамдық көліктегі жолаушылар ағынының деңгейін анықтау үшін маңызды. Сондықтан санаттарға қарамастан, барлық жолаушылар автобустарда көлік карталарын валидациялау керек. Жалпы, жыл басынан бері КБД қызметкерлері жол ақысын дұрыс төлемейтін 155 839 жолаушыны анықтады. Соның ішінде Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2 407 жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Осымен, жыл басынан бастап салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 13 373 292 теңгені құрады.