Елордалық полицейлер дүкеннен құлаққап ұрлаған күдіктіні ұстады (видео)
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық полицейлер дүкеннен құлаққап ұрлаған күдіктіні ұстады (видео)](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114620948954908.webp)
ашық дереккөз
https://www.youtube.com/watch?v=NKP_kn4faeo "26 жастағы елорда тұрғыны «Технодом» сауда үйіндегі сөреден шамамен 100 мың теңге тұратын «Huawei» маркалы құлаққаптарды ұрлап кеткен. Ол ұрлық жасағаннан кейін дүкенді тастап, белгісіз бағытта кетіп қалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады. Ұрланған құлаққаптар тәркіленіп, дүкенге қайтарылды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Ұсталған азаматтың осы сияқты қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар