Елордада полицейлер карантин режимін бұзғандарды анықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада полицейлер карантин режимін бұзғандарды анықтады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында 70-ке жуық келушілер демалып отырған «ZOLOTO» мейрамханасын анықтады. Клиенттер әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаған. Мекеменің иесі және келушілер тыйым салынғанына қарамастан айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірген. "Жиналған материал ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Өткен тәулікте мобильді топ 236 кәсіпкерлік объектілерді тексерді. Карантин режимін бұзудың 5 фактісі анықталды", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мекеме иелері мен келушілердің карантин режиміне немқұрайлы қарауы індеттің таралуына алып келетінін ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.