Нұр-Сұлтанда сайлау процесі бойынша интернет-олимпиаданы жеңіп алған студенттер марапатталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда сайлау процесі бойынша интернет-олимпиаданы жеңіп алған студенттер марапатталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114624717568030.webp)
Олимпиада екі кезең арқылы өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар заңдарды, халықаралық конвенцияларды білуге тест тапсырды, екінші кезеңде студенттер белгілі бір елдердің сайлау жүйесі бойынша эссе жазды.
"Студенттердің азаматтық белсенділік танытып, олимпиадаға қатысқандары бізді қатты қуантады. Біз олардың тақырыпты зерттеуді жалғастырғанын қалаймыз, себебі тақырып өте кең, қызықты. Әртүрлі елдердің сайлау процесі бір-бірінен ерекшеленеді. Олар бұл сертификаттарды болашақта пайдалана алады, өйткені азаматтың белсенді ұстанымы әрдайым бағаланады", — деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.
Олимпиада жеңімпаздарының бірі — Қазақ гуманитарлық заң университетінің "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша 4-курс студенті Ләззат Шахматова болашақта халықаралық бақылаушы болуды жоспарлап отыр.
"Қазан айында олимпиадаға тіркелу басталды. Университетте халықаралық құқықты зерттей отырып, мен әртүрлі елдердің сайлау жүйелеріне қызығушылық таныттым. Енді сайлауға бақылаушы ретінде қатысамын деп ойлаймын", — дейді Л.Шахматова.