Елордада Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне арналған көрме ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне арналған көрме ашылады
ашық дереккөз

Елбасы кітапханасының архивтік, кітаптар және музей жинақтарындағы көрмелер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар сериясы аясында дайындалды. «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» көрмесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өткенді зерделеу және насихаттау жөніндегі бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысында Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен дамытуға қосқан үлесін көрсететін фото-бейне және дәстүрлі құжаттар ұсынылады. «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» көрмесінде 70-тен астам түрлі және сирек кездесетін сағат өнерінің ғажайып туындылары ұсынылады. Коллекцияның негізін Н.Ә. Назарбаевқа шет мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың, шетелдік делегациялардың, Қазақстан тұрғындары мен елдің және оның көшбасшысының халықаралық беделін құрметтеудің белгісі ретінде ұсынған сыйлықтар құрайды. Көрмеде сағаттық өндірістің бірегей үлгілері, атап айтқанда: Atmos, Hermle, Berhard Richards manufacturer, Blancpain және т. б. әлемге әйгілі еуропалық мануфактуралардың бұйымдары ұсынылатын болады. Мысалы, көрме экспонаттарының арасынан композитор Н.Тілендиевтің жұбайының Н.Ә. Назарбаевқа табыс еткен сағаты; XVIII-ші ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптік революцияның алғашқы бу машиналарына қатысты «Паровоз» сағаты; 3000 жылға дейінгі күнтізбесі бар әлемдегі жалғыз сағат – Atmos сағаты және басқа да көптеген жәдігерлерді көруге болады. «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» 2021 жылғы 13 қаңтарға дейін жалғасады.