Елордада «Ән базары – Қараөткел» атты онлайн концерт өтті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Ән базары – Қараөткел» атты онлайн концерт өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114624041815098.webp)
ашық дереккөз
Концертте Қараөткел заманында кеңінен шырқалған әндер мен әйгілі әншілерді еске ала отырып, тыңдармандарды өткен шақпен қауыштырып, әсем әнге бөледі.
[caption id="attachment_48183" align="alignnone" width="696"] Фото филармонияның баспасөз қызметінен[/caption]
Өз заманының бұлбұлдарын бір арнаға тоғыстырған онлайн концертте халық әндері «Қарғам-ау» мен «Шилі өзен», Ғазиз Файзоллаұлынан «Шалқыма», Біржан салдан «Адасқақ» пен «Айтбай», Ақансерінің әндері «Балқадиша» мен «Шәмси-Қамар», Майраның «Толқымасы», Жаяу Мұсаның «Көгаршыны», Сәтмағамбеттің «Қанатталды» әні концерт көркін қыздырды. Дәстүрлі ән кеші болашақта ауқымды концертпен халыққа ұсынылады.
Ұқсас жаңалықтар