Елордада «Азаматтық қоғам және мемлекет серіктестігі мен дамуына 30 жыл #Birgemiz» атты ІХ форум өтіп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Азаматтық қоғам және мемлекет серіктестігі мен дамуына 30 жыл #Birgemiz» атты ІХ форум өтіп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211462507822677.webp)
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум алдында мемлекеттік органдардың қатысуымен 4 тақырыптық сессия өткізіліп, онда қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер қаралды.
«Бүгін біз елордалық форумды өткізіп жатырмыз. Республикалық форум кешірек өтеді. Бұған дейін 4 тақырыптық сессия өткізілді, онда осы форумда көрсетілген мәселелер қаралды. Біз тақырыптық сессиялар өткізіп, барлық мемлекеттік органдарды шақырдық, олар жұртшылықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдардың, белсенді азаматтардың пікірлерін тыңдады. Сессиялар өткен аптада ұйымдастырылды. Азаматтық форумда осы тақырыптық сессиялардың қорытындысы шығарылады. Мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыру бойынша тиісті тапсырмалар беріледі», — деді форум ұйымдастырушысы,«Арнау» даму орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлан Әбішев.
Форум онлайн форматта алғаш рет өтіп жатыр. Іс-шараның өзінде шектеулі азаматтар қатысты. Олардың қатарында шамамен 20 ҮЕҰ мүшесі бар. Қалғандары ZOOM арқылы онлайн режимде қатысып жатыр.
Сонымен қатар, форум аясында ҮЕҰ-ның 20 жобасының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ҮЕҰ олардың желісі бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді. Сондай-ақ форум аясында әлеуметтік жобалар байқауы өтті.
«Бүгін байқаудың 7 жеңімпазы марапатталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады», — деп атап өтті Ұлан Әбішев.
Форумның көрсетілімі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube арнасында тікелей эфирде өтіп жатыр.