Елордада «TOM: Nur-Sultan» 72 сағаттық мейкатоны мәресіне жетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «TOM: Nur-Sultan» 72 сағаттық мейкатоны мәресіне жетті
ашық дереккөз

Назарбаев Университеті іс-шараның тұрақты серіктесі болғандықтан, астанада осымен екінші жыл өткізіліп отырған мейкатон биыл аталған университеттің инновациялық кластерінің Fab Lab алаңында болды. [caption id="attachment_47834" align="alignnone" width="696"] Фото Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығының баспасөз қызметінен[/caption] Айта кетсек, нидноуэр-консультанттарды іріктеуге «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ қолдау көрсеткен. «ТОМ: Nur-Sultan» мейкатонының соңғы күнінде он команда қазылар алқасының алдында өз жұмыстарын таныстырды. [caption id="attachment_47835" align="alignnone" width="696"] Фото Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығының баспасөз қызметінен[/caption] Атап айтқанда, «Tesla» командасы көзі көрмейтін адамдар белгіленген маршруттардан өтіп, қалалық көліктің жағдайын анықтай алатын құрылғыны, «Hexaflexagon» командасы мүгедектігі бар адамдар үшін бос жұмыс орындарын, тренингтерді, ивенттерді іздеуге арналған сервисті әзірлеген. Ал «Smart» командасы әзірлеген құрылғы механикалық мүгедектер арбасына арналған электр қорабы, лифтке кіру үшін оның өлшемдері, сондай-ақ тар дәліздер мен кеңселерде маневр жасауға мүмкіндік береді. Сол сияқты «Жәрдем» командасы өтімділігі жоғары мүгедектер арбасын, «Robotek'S» командасы жамбасты тартуға арналған белбеуі, резеңкеленген тұтқалары, көлденең жолағы бар, тізе тірегін биіктігі бойынша реттеу мүмкіндігі бар арбалы мүгедектерге арналған швед қабырғасын ұсынды. «Terminators» командасы қол алақаны жоқ адамдар үшін қолжетімді протезді әзірлесе, «Cicada» командасы зағип адамды жазуға үйрету және жаттықтыру тренажерін, «Тенар» командасы зағип адамды қол қоюға үйретуге немесе жаттықтыруға мүмкіндік беретін тренажерін дайындаған. Сонымен қатар «STEM» командасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысына арналған аяқ арбаларды, «AlemSchoolTeam» командасы инфаркт туралы ақпараттандыруға арналған Софт қосымшасын таныстырды. Ал олардың әділ бағасын беру үшін олардың жұмысына «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Тлеулин, «ҚР Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Сәния Арапова, ERG Еуразиялық тобының спичрайтер-сарапшысы Гүлмира Матхаликова, Green TAL әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Эмин Әскеров сынды бірқатар сарапшылар қазылық етті. [caption id="attachment_47836" align="alignnone" width="696"] Фото Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығының баспасөз қызметінен[/caption] Нәтижесінде жамбасты тартуға арналған белбеуі, резеңкеленген тұтқалары, көлденең жолағы бар, тізе тірегін биіктігі бойынша реттеу мүмкіндігі бар арбалы мүгедектерге арналған швед қабырғасын ұсынған «Robotek'S» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Қазылар алқасы бұл команда жұмысының сапасын бір ауыздан қолдады. Жеңімпаз командаға «Сулпактың» 500 мың теңгелік сертификаты табысталды. Ал екінші орынға ие болған «Жәрдем» командасы 300 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Үшінші орынды еншілеген «STEM» командасының мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысына арналған аяқ арбасы ДЦП диагнозы бар балаға арналып жасалған болатын. Ол отбасы осындай көмек көрсеткендері үшін аталған командаға алғысын айтты. Төртінші орын «Cicada» командасына бұйырды. «NURIS»-тің сервисті дамыту жөніндегі директоры Нұркен Ержанов шараға қатысушыларға Назарбаев университетінің «Fabab» цифрлық зертханасына бір жыл бойы кіруге мүмкіндік беретін сертификаттарды табыстады. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек 72 сағаттық мейкатон нәтижесін жоғары бағалап, бірінші орын иегерлеріне электроника және техника дүкендер желісінің бірінен сауда жасауға арналған сертификатты табыс етті.