Елордадағы 5-сынып оқушыларына кезекші сыныптар ашылмайды - Білім басқармасы
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы 5-сынып оқушыларына кезекші сыныптар ашылмайды - Білім басқармасы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114633148973119.webp)
ашық дереккөз
"Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы «сары қауіпті аймақта» орналасуына байланысты жалпы білім беретін мектептерде 5-сынып үшін, ал халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарланған жоқ. 5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешілетін болады. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4-сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді. Ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланатын болады", - делінген Білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар