Күнделікті тұрмыста табиғи газды пайдалану ережелері қандай
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Күнделікті тұрмыста табиғи газды пайдалану ережелері қандай](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114890123784788.webp)
ашық дереккөз
- Газ аспаптары жұмыс істеп тұрған кезде газдың толық жануын қамтамасыз ететін таза ауаның тұрақты ағыны болуы тиіс. Ол үшін желкөзді/терезені ашып қою керек;
- Газ жабдықтары орналасқан бөлмедегі желдету арнасы ауаны жаңартып отыру үшін үнемі ашық күйде болуы тиіс;
- Газ жабдығын бекіту, өшіру клапандарын ауыстыруды тек тиісті лицензиялары мен аттестаттары бар мамандандырылған ұйымдар орындауы тиіс;
- Түтін және желдету каналдарының құрылысын өз бетінше өзгертуге, түтін және желдету каналдарын тексеру актісінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін газ жабдығын пайдалануға тыйым салынады;
- Үй-жайларды жылыту және киім-кешекті кептіру үшін газ плиталарын пайдалануға тыйым салынады;
- Газбен жабдықтау мекемесінің келісімінсіз үйді (пәтерді) өз бетінше газдандыруға, газ жабдықтары орнатылған үй-жайды қайта өзгертуге тыйым салынады;
- Газ жабдықтарының құрылымына өзгерістер енгізуге, газ жабдықтарын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады;
- Газ құбырларына қосуды және одан ажыратуды тек газ тарату мекемесінің қызметкерлері орындайды.
Үйде (пәтерде) газдың иісі білінген жағдайда 104 телефоны бойынша авариялық-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау керек, диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беріп, оқыс оқиға және апаттық жағдай кезінде не істеу керектігі туралы Нұсқаманы тыңдаңыз. Диспетчердің барлық талаптары мен ұсыныстарын орындаңыз! Газ беруді тоқтатып, газ тараған бөлмені желдетіңіз, егер бөлмеде өзге адамдар болса, ұйымдасқан түрде және дүрбелеңсіз оларды газдалған және көрші бөлмелерден шығарып, апаттық бригаданың келуін күту керек. Мұндай кезде:
- Сіріңке, оттықтарды және басқа да ашық от көздерін пайдаланбаңыз;
- Пәтерлердің электр қоңырауларын қолданбаңыз;
- Дискілі телефондарды пайдалану өте қауіпті;
Ұқсас жаңалықтар