«Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалының кандидаттар тізімі бекітілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалының кандидаттар тізімі бекітілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114904429125104.webp)
Шараның күн тәртібінде Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясы «Алматы» аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясын шақырды және күн тәртібін де бекітті. Сондай-ақ, қалалық партиялық тізімге енгізуге ұсынылған кандидаттар тізімі мен регламент бекітілді. Бюро отырысына жалпы саны алты адам қатысты: атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалының төрағасы Есполов Б.Т., Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы «Алматы» ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болысбек М.Ә., Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Тулеутаев М.Е., Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 6 қалалық емхана" МКК бас дәрігері Байсеркина Д.С., ҚР ҚХА төрағасының орынбасары Пулатов Ш.А., ҚР "Қазақстан футбол федерациясының" бас хатшысы Айтхожин А.С.. Жиын барысында әрбір адам пікір алмасып, көтерілген сұрақтардың барлығына жауап тапты. Сол бойынша соңында қаулы қабылданды.