Азаматтық форум: Елордада қоғам мен мемлекеттік органның әрекеттесуі талқыланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаматтық форум: Елордада қоғам мен мемлекеттік органның әрекеттесуі талқыланды
ашық дереккөз

Азаматтық форум елордада әр екі жыл сайын өтеді. Мұнда әсіресе қоғамды толғандыратын мәселелер талқыланады. Бұл ауқымды шараға дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласы азаматтық бастамалар орталығы бірқатар тақырыптық сессиялар өткізіп, ондағы талқыланған мәселелерді форум кезінде ортаға салмақ. Азаматтық бастамалар орталығы жетекшісі, «Камеда» қоғамдық қорының директоры Махаббат Еспенованың айтуынша, бүгінде елордада шамамен үш мыңға жуық коммерциялық емес ұйым тіркелген. Оның бес жүзге жуығы ғана белсенді жұмыс жүргізетін көрінеді. «Бүгін біз қоғамдық мониторинг және коммерциялық емес ұйымдар тарапынан қоғамдық бақылау, яғни үшінші сектор арқылы мемлекеттік органдар қызметінің жақсара түскенін талқылау үшін жиналдық. Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау туралы заңның талқыланып жатқанын білесіздер. 2010 жылдан бастап азаматтық қоғам тарапынан қоғамдық мониторинг ретінде институт құрылған болатын. Онымен қоса, жергілікті және ұлттық деңгейде шешуге тиіс мәселелер бар. Бізде қандай жетістік бар? Коммерциялық емес ұйым тарапынан қайда бағыт алу керек? Мемлекеттік органдармен жұмысымыз қалай түйіседі? Міне, бүгін біз осы сұрақтарды талқылау үшін бас қосып отырмыз. Осында айтылған ұсыныс-тілектер форумда қозғалатын болады», - деді ол. Махаббат Еспенова сонымен қатар жұмыс сессиялары барысында айтылған ұсыныстар мен нұсқаулықтар алдағы уақытта түрлі жол картасы мен құжаттардың негізі болатынынан үмітті екенін білдірді.