Есіл ауданы ТЖБ: Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Есіл ауданы ТЖБ ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау керектігін ескертті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және қашықтан оқытуға байланысты көптеген балалар үйде жалғыз қалады. Көбінесе ата-аналар балалардың сыртынан есікті кілтпен жауып, оларды үйден шығу мүмкіндігінен айырады. Үйдегі өрттің тұтануына немесе судың ағуы балалардың жалғыз қалу себебінен орын алып жатады. Сол сияқты абайсызда жазатайым оқиғалар да орын алады. Сондықтан ата-аналарға балаларын жалғыз қалдыруға болмайды. Мысалы, Ұлыбританияда 14 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдыру қылмыстық іс болып саналады. Германияда 14 жасқа дейінгі баланы тіпті 10-15 минутқа жалғыз қалдырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл әлемдік тәжірибе", - делінген Есіл ауданы ТЖБ таратқан ақпаратта.