Ағаш отырғызу маусымы аяқталды - Берік Жәкенов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ағаш отырғызу маусымы аяқталды - Берік Жәкенов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211491052447084.webp)
Есіл ауданында ағаш отырғызу маусымы аяқталды. Бұл туралы әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Ағаш және бұта отырғызу маусымын аяқтадық. Биыл аудан бойынша жасыл желек егуден рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Яғни 44 мың дана ағаш егілді. Тұрғын алаптардағы жоспар 95 пайызға орындалды. Ауа райына байланысты қараша айының ортасына дейін аяқтаймыз. Көктемде аудан ағаштың сағызқарағай, терек, шаған, қарағай, ырғай, емен, бөртегүл, бадам, шегіршін, тал сияқты сұрыптарымен көркейе түсетін болады", - деп жазды аудан әкімі.
[caption id="attachment_46463" align="alignnone" width="960"] Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]
Оның сөзінше, келесі жылы аудан аумағында көпжылдық ағаштар көбейтіледі.
[caption id="attachment_46464" align="alignnone" width="960"] Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]