Нұр-Сұлтанда ПИК пен үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттесу мәселесі талқыланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда ПИК пен үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттесу мәселесі талқыланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114915940338279.webp)
«Арнау» даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлан Әбішевтің айтуынша, тақырыптық сессия 17 қараша күні елордада өтетін IX азаматтық форумы қарсаңында өтіп жатыр. Ал 20 қараша күні әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған маңызды алаң болып саналатын республикалық конференция ұйымдастырылады. «Бұл форум аясында қоғам мен биліктің, бизнестің әрекеттесуі, жалпы, азаматтарды толғандыратын мәселелер қарастырылатын болады. Бізде жоспар бойынша форумға дейін 4 тақырыптық сессия өткізу көзделіп отыр. Егер форум нақты мәселелердің шешімін қарастыратын үлкен алаң болса, жұмыс сессиясында біз сол мәселелерді талқылаймыз», — деді ол. Сессия қатысушылары арасында аудан әкімдіктерінің өкілдері, қалалық ревизиялық комиссияның, басқа да мемлекеттік органдардың, елорданың қоғамдық кеңесінің, ПИК қауымдастығының, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері болды. Талқылау кезінде қатысушылар жаңартылған тұрғын үй-коммуналдық заңнамасы аясында ПИК жұмысына қатысты, сондай-ақ пәтер иелері мен қоғам белсенділерінің өзара әрекет жасау жөнінде бірқатар нақты мәселелерді талқылады. «Форумда біз әкімнің алдында «білмейміз, не істейміз?» деп тұрмауымыз керек. Біз бұл мәселелерді жұмыс сессияларында талқылағанымызды айтып, өз ұсынысымызды айтуымыз керек. Міне, біз осыны енгіземіз, әрі қарай немен айналысу керектігі жөнінде бізде ортақ келісілген шешім бар», — деді Ұлан Әбішев. Айта кетсек, сессия кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.