Көпқабатты үйдің тұрғындары өрттен құтқарған полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көпқабатты үйдің тұрғындары өрттен құтқарған полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді
ашық дереккөз

Бақыт Бауыржанқызының айтуынша, шамамен сағат 04.00-де үйдің 4-кіреберісінен түтін шыға бастаған. Қою қара түтін баспалдақтың шабағын басқан. Ол уақытта барлық тұрғындар ұйықтап жатқан. Полиция қызметкерлері пәтерлердің есіктерін қағып, адамдарды шығара бастаған. Оқиғаны көзбен көрген тұрғын: «Бәрі дәл кинодағыдай көз алдымызда болды», - дейді. «Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі мені таң қалдырды. Түтінге тұншығып қалмас үшін барлық тұрғындарға өздерімен бірге орамалды сулап алуды ұсынды. Қайсарлық танытқандары үшін мен оларға өте ризамын», - деді Бақыт Бауыржанқызы. Құтқару операциясы барысында олар 100-ден аса тұрғынды алып шыққан. Аяғы ауыр әйелдер мен балаларды көтергіш құрылғымен эвакуациялаған. Өрт сөнбей қалған темекі тұқылын тастаған баспалдақ шабағының астынан шыққаны анықталды.