Жануарларды қорғау мәселесі бойынша кеңес қараша айында өтеді - Солтамбеков
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жануарларды қорғау мәселесі бойынша кеңес қараша айында өтеді - Солтамбеков](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115270445202943.webp)
ашық дереккөз
"Алда қыс, аяз болады. Сондықтан жануарларға уақтылы көмек қажет. Қазіргі уақытта баспанада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қысқы қоршаулар салынуда, сондай-ақ аумақтарды тазарту мәселесі шешілуде. Осы және басқа да өзекті мәселелерді қоғамдық кеңесте көтеру қажет. Бұл мемлекеттік органдардың да, жұртшылықтың да жануарлар құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысының одан әрі стратегиясын әзірлеуге көмектеседі", - деп атап өтті Н.Солтамбеков.
Айта кетейік, кеңес құрамына жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ветеринарлар кірді. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген "Жануарларға жауапты қатынас туралы" заңды қабылдау қорытындысы бойынша, заңды іске асыру үшін жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірін ескере отырып, құқықтық актілер қабылданатын болады.
Ұқсас жаңалықтар