Астанада қарда өтімділігі жоғары 43 техника тобы құрылды - Есен Байыров
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада қарда өтімділігі жоғары 43 техника тобы құрылды - Есен Байыров](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211527573662932.webp)
ашық дереккөз
«29 қыркүйекте төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, төтенше жағдай туралы мәселе қаралды. Сол отырыста қаланы қар басатын 16 учаске анықталды. Олардың ахуалдық картасы жасалып, департаменттің таралатын күш-құралдары құралды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамында 221 адам бар. 14 тәулікке жететін жанар-жағармай дайындалды. Сонымен қатар азық-түлік қоры толық көлемде қамтамасыз етілді», - деді ол.
Сондай-ақ департамент өкілі астанада қарда өтімділігі жоғары 43 техника тобының құрылғанын атап өтті. «Департаменттің техникасы троспен, электр генераторлармен жабдықталды. Қазіргі уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупін жою бойынша әкімнің шешімімен департаменттен 2 514 адам және 530 құтқару, инженерлік техникасы, 28 құрамадан тұратын азаматтық қорғау құрылымы бекітілді. «Астана – Тазалық» кәсіпорнының базасында 17 мың текше метр құм-тұз қоспасы және көктайғаққа қарсы 407 тонна реагент дайындалды», - деді ТЖД бастығының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар