Алматы ауданында ережеге сай емес жарнама нысандары ретке келтірілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматы ауданында ережеге сай емес жарнама нысандары ретке келтірілді
ашық дереккөз

[caption id="attachment_45443" align="alignnone" width="696"] Фото Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]

"Б.Момышұлы даңғылы мен Қарағанды ​​тас жолы бойында 30-дан астам заңсыз жарнама нысандарын алып тастау және бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Жерұйық саябағындағы 9 заңсыз сауда павильоны алып тасталынды. Бұл бағыттағы әрекеттер жүйелі түрде жалғасатын болады. Сонымен қатар шағын және орта бизнес құрылымдарымен, яғни дүкендердің, салондардың, дәмханалар мен мейрамханалардың кіре беріс алаңдары мен қоршауын сәйкестендіру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде", - делінген Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

[caption id="attachment_45444" align="alignnone" width="696"] Фото Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен[/caption]