Ботаникалық саябақ аумағында спорт орталығы салынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ботаникалық саябақ аумағында спорт орталығы салынады
ашық дереккөз

Саябақтың жасыл желегі жоқ бөлігіне (Ботаникалық саябақтың жоғарғы бұрышы) жеке инвестициялар есебінен спорт кешені салынып жатыр. Бұл жоба 2018 жылы қала құрылысы кеңесінде қолдау тапқан. Жоба қаланың бас жоспарына сәйкес келеді. [caption id="attachment_45297" align="alignnone" width="1094"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Спорт орталығы бақтағы велосипед және жүгіру жолдарының желісімен бірыңғай байланыста жұмыс істейді. Спорт орталығы тұрғындарға қолжетімді болады. Қазіргі уақытта субсидия есебінен инвестормен халықтың әлеуметтік әлсіз топтары қатарындағы адамдардың спорт орталығына бару мүмкіндігі талқылануда.