1 маусым күні Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады

31 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
1 маусым күні Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні төртінші рет Astana Half Marathon өтеді. Биыл жарысқа 30-дан астам елден 8 мың адам қатысады. Жартылай марафон кезінде қаланың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жүгіру бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, «Арқар» және Сығанақ-Мәңгілік Ел көпірлері арқылы өтеді.

Қатысушылар «Ақорда», Есіл жағалауы, «Бәйтерек», Abu Dhabi Plaza және EXPO нысандарының жанынан жүгіріп өтеді.

Көлік қозғалысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алынып, сағат 10:00-де толық қалпына келтіріледі.

Көлік қозғалысы 31 мамыр күні 06:00-ден 1 маусым 11:00-ге дейін мына бағыттарда кезең кезеңімен шектеледі: Тәуелсіздік даңғылы Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін;

06:50-08:30: Сарайшық көшесі Р.Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін;

07:00-07:50: Д.Қонаев көшесі Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейін;

07:00-07:50: Қазақ радиосы көшесі, Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;

07:00-07:50: Достық көшесі Қазақ радиосы көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;

07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;

07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін (EXPO аумағы бойынша);

07:40-09:25: Түркістан көшесі Ақмешіт көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;

07:45-09:40: Түркістан көшесі Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;

07:50-09:45: Сығанақ көшесі Түркістаннан И.Панфилов көшесіне дейін;

08:00-09:55: И.Панфилов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

08:20-09:50: Ж.Нәжімеденов көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

08:00-09:55: Тәуелсіздік даңғылы, И.Панфилов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін.

Автокөлікпен старт алаңына жету үшін ұсынылған бағыттар:

Тәуелсіздік даңғылы арқылы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;

«Нұрлы жол» теміржол вокзалы жағынан Ж.Нәжімеденов көшесімен;

Әл-Фараби даңғылы арқылы И. Панфилов көшесіне дейін.

Жолдарда кептеліс болуы мүмкін, сондықтан қатысушыларға Тәуелсіздік алаңына автобуспен келу ұсынылады – жақын маңдағы аялдамаларға дейін.

Айта кету керек, Тәуелсіздік алаңындағы старт қалашығы маңында көлік тұрағы болмайды.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.