Bosphorus Cup-2023: Елордалық мәнерлеп сырғанаушы жүлдегер атанды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы, елордалық Рахат Бралин Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан Bosphorus Cup-2023 додасында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол қос жаттығудың нәтижесінде 203.40 ұпай жинады. Алтын әзірбайжандық спортшы Владимир Литвинцевтің (221.10 ұпай) еншісінде. Одан кейінгі сатыға Түркия спортшысы Бурак Демирбога (211.02 ұпай) жайғасты.
Айта кетейік, бұл жарысқа барлығы 34 мемлекеттен 193 атлет жиналды.
Ұқсас жаңалықтар