00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс – Президент

Құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс – Президент
Фото: akorda.kz

Құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс – Президент

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс. Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек. Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда, өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын, - деді Мемлекет басшысы.

Елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру қажеттігін айтты

Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.