Тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағар майлар өндірісі 30%-ға өсті


ҚР Үкіметінің отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия және мұнай-химия саласын дамыту үшін қабылданған заңнамалық нормалар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Негізгі бастамалардың бірі мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу болды.
«Бұл шешім тұрмыстық химия, лак-бояу өнімдері мен жағар майлар өндірісінің өсуін ынталандыруға мүмкіндік берді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың шығарылу көлемі 30%-ға артты”, - деді Ерсайын Нағаспаев.
Министрдің айтуынша, басқа да қабылданған шаралардың қатарында – отандық пестицидтердің нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың өндірісінде пайдаланылатын шикізаттар қосымша құн салығынан босатылды. Бұл норма импорттық өніммен бәсекелес отандық зауыттарды қолдауға бағытталған.
Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.



