«Түбегейлі жоққа шығарамыз»: министрлік еліміздегі мұнай өндіру көлеміне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: freepik.com
Қазақстан Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі өсті деген ақпаратты жоққа шығарды. Өндіріс көлемі керісінше азайған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құраған. Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.
«Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады», – делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.
Ұқсас жаңалықтар

18 қазан, 2025
18 қазанға арналған валюта бағамы

17 қазан, 2025
Тыйым салынған 44 қызмет түрінен басқасына жеңілдетілген салық режимі сақталады

17 қазан, 2025
17 қазанға арналған валюта бағамы

16 қазан, 2025
Отандық бизнесті қолдау: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді