Оқулықтар қайта-қайта өзгертілгені үшін мемлекетке 16 млрд теңге шығын келген

17 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Оқулықтар қайта-қайта өзгертілгені үшін мемлекетке 16 млрд теңге шығын келген
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқулықтарды қайта-қайта өзгертуден ел экономикасына 16 млрд теңге шығын келген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, орта білім беру саласында мемлекеттік аудит жүргізілген. Бұл аудиториялық іс-шара 2019 жылдан бергі кезеңді қамтиды. Саладағы стратегиялық құжаттардың үнемі ауысып отыруы бұрынғы бастамалардың аяқсыз қалуына әкеп соққан.

«Білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүргізілмейді. Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығарылып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі», - деп жазылған Жоғары аудиторлық палата есебінде. 

Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 млрд теңгеден асқан. 5 жыл ішінде бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген.