Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз – Олжас Бектенов
9 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
фото: primeminister.kz
Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз – Олжас Бектенов
«Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Бізге өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық міндеттерді шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер берілді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, формализм мен бюрократиялық сарсаңға салуды толығымен жоя отырып, стереотиптерден арылу қажет.
«Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде жедел шешулері қажет. Жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын әркім түсінуі тиіс», — деп қорытындылады сөзін Премьер-Министр.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2024
Олжас Бектенов Қостанай облысының индустриялды аймағын аралады
18 желтоқсан, 2024
Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
18 желтоқсан, 2024
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
17 желтоқсан, 2024
Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсті – министр