Қазақстанда жаңа Салық кодексіне қатысты түсіндіру жұмыстары басталды


Қабылданған құжат бойынша алғашқы жария түсіндіру «Атамекен» ҰКП алаңында өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Палата Президиумының төрағасы Райымбек Баталов салалық қауымдастықтардың өкілдерімен офлайн және онлайн форматта өткен семинар-кеңес аясында кездесті. Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері бизнеске жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндірді.
Қатысушылар арасында машина жасау, фарминдустрия, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, денсаулық сақтау, салық кеңесшілері және басқа да бірлестіктер өкілдері бар.
Жаңа құжаттағы негізгі өзгерістер туралы хабардар етуден басқа, арнайы салық режимдеріне және салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев жаңа кодексте арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылғанын атап өтті:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін,
- жеңілдетілген декларация негізінде,
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
"Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР-ды жеке кәсіпкер болып табылмайтын, жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және осы АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар қолдануға құқылы. Күнтізбелік айдағы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар",- деді Ерлан Сағынаев.
Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ЖТС-дан босатылады және табысының 4% мөлшерінде өздері үшін әлеуметтік төлем ғана төлейді.
Жеңілдетілген декларацияның жаңа режимінде ҚҚС пен әлеуметтік салықты төлемеу мүмкіндігі сақталады. Оны күнтізбелік жылдағы табысы 600 мың еселенген АЕК-тен (2,4 млрд теңге) аспайтын, жалдамалы жұмыскер санына шектеу жоқ және қызмет түрі тыйым салу түрлері тізбесіне енгізілмеген салық төлеушілер қолдануға құқылы.
Шаруа (фермер) қожалықтары үшін қолданыстағы АСР сақталған.
"Жалғыз нәрсе, бірыңғай жер салығының жойылуына байланысты жалпы табыстың 0,5% мөлшерінде тиесілі табыс салығын шаруа қожалықтары барлық басқа кәсіпкерлер сияқты ЖТС БСК-ға төлейтін болады",- деді Ерлан Сағынаев.
Бұдан басқа, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер салығының базалық ставкалары (жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы) 20-дан 40 есеге дейін ұлғайтылды.