Мың шақырымнан астам броконьерлік тор тәркіленді – ҰҚК өкілі


Каспий теңізін қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің тақырыптық отырысында қаралып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Онда ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары, бас штаб бастығы Бауыржан Әбсаматов броконьерліктің жолын кесуге қатысты қолға алынған іс-шаралар туралы айтты.
«Тек 2023-2024 жылдар аралығында шекаралық корабльдер, катерлер мен жағалаудағы шекара бөлімшелері әртүрлі санаттағы 570 құқықбұзушыны және 247 жүзу құралы ұстады. 1200 шақырымнан астам броконьерлік тор мен ілмек, 120 мыңнан астам түрлі балық, сондай-ақ 130 итбалық тіркелді. Шекара режимдерін бұзғаны үшін ұсталған адамдарға жалпы сомасы 123 983 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Бауыржан Әбсаматов.



