ШЫҰ кезінде медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді

коллаж Еlordaqparat
Астанада 3-4 шілде күндері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.
Ұқсас жаңалықтар

16 қыркүйек, 2025
Министрлік БЗЖҚ тіс емдету үшін қолдануға тыйым салуды ұсынды

16 қыркүйек, 2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт ашылды

11 қыркүйек, 2025
Онкология, туберкулез, инфаркт: МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді

10 қыркүйек, 2025
2029 жылы Қазақстанда алғаш рет Халықаралық ревматологтар конгресі өтеді