00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Батыс Қазақстан облысында жаңа медициналық пункт ашылды

Батыс Қазақстан облысында жаңа медициналық пункт ашылды
фото: freepik.com

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылының тұрғындары үшін медициналық пункттің жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық пункт қажетті жабдықтармен және жиһазбен жарақталған.

Пациенттерді қабылдау үшін тіркеу кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, физиотерапия, зарарсыздандыру кабинеті, қақырықты алу кабинеті көзделген. Жаңа нысандар медициналық көмектің қолжетімділігіне және ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Ұлттық жобаның шеңберінде үш міндет іске асырылуда. Бұл ауылдық елді мекендерді 655 медициналық нысан салуды қамтитын МСАК ұйымдарымен қамтамасыз ету. Екіншісі - 32 аудандық орталық аурухананы жаңғырту арқылы ауыл халқына білікті медициналық көмек көрсету. Үшінші міндет – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету.