Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды

Бүгін, 11:55
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тарих» факультеті бакалавриатын, «Философия және саясаттану» факультетінің магистратурасын және PhD докторантурасын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзін-өзі басқару төрағасы болып бастаған.

2004-2006 жылдары – Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы.

2006 жылы – «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары.   

2007-2008 жылдары – Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі.

2008-2011 жылдары – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы.

2011 жылы – Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы.

2011-2012 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғалым хатшысы.

2012-2017 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары.

2017-2019 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры.

2019-2021 жылдары – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің директоры.

2021-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ, VІІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі. «AMANAT» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары.

2022 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі.

2023 жылы – «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының тең төрағасы.

2025 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

2025 жылғы 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.