Жолдардағы көктайғақ: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Жолдардағы көктайғақ: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрлікке сілтеме жасап.

Ведомство азаматтардан қауіпсіздік үшін:

- аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды;

- алыс сапарларды кейінге қалдыруды;

- жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды;

- қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды;

- көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұрады.

"Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз", - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.

Бұған дейін көктайғаққа байланысты елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жаздық.