Референдум-2026

Жоғары аудиторлық палата жасырын сауалнамадан өтуге шақырады

Бүгін, 16:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жоғары аудиторлық палата жасырын сауалнамадан өтуге шақырады
Фото: Magnific.соm

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Еңбек мобильділігі орталықтары (Мансап орталықтары) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит аясында жасырын сауалнама жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сіздің пікіріңіз қызмет сапасын объективті бағалауға ықпал етеді. Ал сауалнама толық анонимді, алынған мәліметтер тек жинақталған түрде пайдаланылады», - делінген хабарламада. 

Мына сілтеме арқылы сауалнамадан өте аласыз.

Сондай-ақ материалда көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы да сауалнамаға қатысуға болады.