Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 445 мың адам.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.