Жолда жабайы жануарлар кездескен жағдайда не істеу керек?
19 мамыр, 2025
фото: freepik.com
Көктемгі және күзгі мезгілдерде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, әсіресе далалық және жазық аймақтарда жабайы жануарлардың, соның ішінде киіктердің жолға шығу жағдайлары жиі кездеседі. Бұл жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ҚазАвтоЖол» азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге бірқатар қауіпсіздік ережесін ұсынады.
- «Жабайы жануарлар» жол белгісі бар аумақтарда жылдамдықты төмендетіңіз. Бұл – түнгі уақытта аса маңызды, себебі шектеулі көріну жағдайында жануарларды дер кезінде байқау қиынға соғады.
- Таңғы және кешкі мезгілде ерекше мұқият болыңыз. Жабайы аңдар дәл осы уақыттарда белсенді қозғалыста болады.
- Жол бойынан жануарлар тобын байқасаңыз, дыбыс сигналын бермеңіз. Жануарларды үркітпеңіз және оларды айналып өтуге тырыспаңыз. Көлікті жол шетіне тоқтатып, жануарлар толықтай өтіп кеткенше күтіңіз
- Көліктен түспеңіз. Киіктер – өте үркек жануарлар. Олар күтпеген жерден жолға секіріп шығып, апатты жағдай туындатуы мүмкін.
- Қоршаулардың зақымдануын немесе жануарлардың шоғырланған жерлерін байқасаңыз, тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Бұл табиғатты қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Ұқсас жаңалықтар
26 тамыз, 2026
Ақылы жолдан тоқтамай өтуге болады: «ҚазАвтоЖол» жаңа мүмкіндік ұсынды
26 тамыз, 2026
Атырау облысында қауіпті электр-тұрмыстық аспаптарды сату фактісі анықталды
26 тамыз, 2026
Қазақстан алғаш рет Германияның ірі туристік форумын қабылдады
26 тамыз, 2026
Қонаев гарнизонында десантшылардың жауынгерлік даярлығы пысықталды