Жеңіс Қасымбек сүрілетін жер үйлердің мәселесін дереу шешуді тапсырды
7 қараша, 2024
фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудан тұрғындарының бірі жер үйлерді сүру мәселесін көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аудан тұрғынының сөзінше, Республика мен Бөгенбай батыр даңғылы қиылысында орналасқан «Фаворит» тұрғын үй кешенің жанында орналасқан жеке үйлерді сүруге қатысты мәселе әлі шешілмеген.
«Бұл мәселе бойынша кеше мен бірнеше компания өкілдерімен кездестім. Енді олар үй иелерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Сүрілетін үйлердің бағасы биыл қымбаттағаны белгілі. Дегенмен тиісті компаниялар сатып алу жұмыстарымен айналысуда. Енді бұл мәселе келесі жылы толығымен шешіледі»,- деді Жеңіс Қасымбек.
Елорда әкімі жауапты компания өкіліне аталған мәселені тез арада шешуге тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:34
Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің екінші күні өтіп жатыр
Бүгін, 16:21
Атамекен күн тәртібін айқындайды: бизнес пен мемлекет ортақ шешімдер үшін күш біріктіреді
Бүгін, 16:09
Астанада кітапханалардың үздік оқырмандары мен меценаттары марапатталды
Бүгін, 14:07
Заң мен тәртіп: Елордада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды