Жеңіс Қасымбек астаналықтарды референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды

Жеңіс Қасымбек астаналықтарды референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды
Фото: Instagram/Jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарын 15 наурызда референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. 

«15 наурызда елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл – Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды тарихи сәт. Жаңарған Ата заңның басты мақсаты – адам құқықтарын қорғау, демократиялық құндылықтарды нығайту және «Әділетті Қазақстан» қағидатын қалыптастыру.

Әр азаматтың дауысы – ел тағдырына қосқан үлесі. Баршаңызды осы жексенбі күні референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын», - деді елорда әкімі.

Еске сала кетсек, референдумға қолдау білдірген астаналық жастар 2,5 және 5 шақырымға жүгірді