Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
Қазақстан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзербайжан астанасы Бакуде 27 шілде мен 2 тамыз аралығында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан намысын еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша 30 спортшы қорғайды.
Еркін күрес:
45 кг – Арын Жанат;
48 кг – Бақдәулет Ағабек;
51 кг – Сабыржан Рахатов;
55 кг – Темірлан Мұрат;
60 кг – Мардан Орынбасар;
65 кг – Замир Данияр;
71 кг – Әділет Рысбай;
80 кг – Әділбек Ерболатов;
92 кг – Нұрислам Айтуған;
110 кг – Сағындық Темірғали.
Грек-рим күресі:
45 кг – Нұрислам Пахитжан;
48 кг – Әли Алмас;
51 кг – Қуанышбек Жанажол;
55 кг – Дияр Аманәлі;
60 кг – Нұралы Асқар;
65 кг – Мирас Махамбет;
71 кг – Әлинұр Төлеуғали;
80 кг – Әлихан Күшев;
92 кг – Әли Бекенғазы;
110 кг – Арыстан Темірғали.
Әйелдер күресі:
40 кг – Айару Ілияс;
43 кг – Данара Даирбекова;
46 кг – Інжу Баққожа;
49 кг – Аянат Мейнамбай;
53 кг – Арайлым Көпжасар;
57 кг – Арина Қуанышова;
61 кг – Аружан Бақытнұр;
65 кг – Айша Әбдімәлік;
69 кг – Хадиша Флюк;
73 кг – Бағжан Құрманбай.
Әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Баку қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы үш күрес түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады.
Бұған дейін қазақстандық балуандар Испаниядағы Гран-приде 24 медаль еншілегенін жаздық.