24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Заңға қайшы 38 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Заңға қайшы 38 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды

|
Photo: Freepik.com

Елде «Киберқадағалау» мониторинг жүйесінің арқасында балаларға зиянды және заңға қайшы ақпаратты қамтитын 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Балалардың цифрлық ортада белсенді болуы және жасөспірімдердің виртуалды кеңістікке терең бойлауы мамандар мен ата-аналардан жаңа дағдыларды талап етеді. Онлайн кеңістікте баланы қорғаудың алғашқы әрі маңызды буыны – отбасы.

«Ата-ана бақылауын күшейту –  өте маңызды. Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен онлайн байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ, құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиянды контенттен қорғауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.


Елімізде балаларды зиянды ақпараттан қорғау жүйесі «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына негізделген. Аталған заң мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ қауіпті контентке мониторинг жүргізу, талдау және бұғаттау тетіктерін айқындайды.

2022 жылы заңнамаға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізілді, ал 2024 жылдан бастап жәбірлеу үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 339 әкімшілік іс тіркеліп, олардың 198-і буллинг фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗