Жаңаөзенде прокурорлар 145 медициналық қызметкердің құқықтарын қорғады
3 желтоқсан, 2025
freepik.com
Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жаңаөзен қаласы прокуратурасымен талдау жүргізу барысында Neiron-Med медициналық ұйымының 2025 жылғы шілде-тамыз айлары аралығында барлық міндетті төлемдер бойынша, соның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша 23 млн теңге мөлшерінде берешегі бар екені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қарыз толық өтеліп, 145 медициналық қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін медициналық ұйымның директоры ҚР ӘҚБтК-ның 92-1-бабы 1-бөлігі 2-тармағы, 279-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, ескерту жарияланды және әкімшілік айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
7 наурыз, 2026
Елімізде жүректегі «Вольф-Паркинсон-Уайт» синдромына күрделі операция жасалды
7 наурыз, 2026
Қазақстанда медицина қызметкерін қорғауға бағытталған заң нормалары күшіне енді
5 наурыз, 2026
ДСМ: Ауылдық жерлерде дәрігер тапшылығы 30 пайызға азайды
4 наурыз, 2026
«Шетелдегідей!»: астаналықтар жаңа балалар травмпунктіне жоғары баға берді